Футбол, хоккей және басқа да спорт клубтарында ойнайтын легионерлерге бюджеттен енді бір тиын да бөлінбейді. Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда тиісті заңға өзгеріс енгізуді қолдап, дауыс берді. Алайда бұл жаңашылдықтың бас бапкерлерге қатысы жоқ. Олардың жалақы көлемін әр федерация өзі белгілейді. Есесіне, спорт мекемелеріне өз бетінше табыс табуға мүмкіндік туды. Олар спорт залдары мен стадионды жалға беріп, спортшыларға медициналық қызмет көрсету арқылы ақша таба алады. Өзгерген заң күшіне енгеннен кейін барлық федерацияның лицензиясы жойылады. Олар қайтадан Спорт министрлігіне тіркелуі шарт. Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден спортшы шақырып, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек деп кесіп айтқан болатын.
Нартай Сәрсенғалиев, Мәжіліс депутаты:
-Біздегі қаражаттың ең көп бөлігі легионер спортшыларды қаржыландыруға кетіп жатыр. «Барыстың» осыдан 1-2 жыл бұрынғы жалақы ведомостін қарасақ, алғшқы ондықта тұрған ең көп жалақы алатындар шетелдік ойыншылар болды, қазақстандықтар емес. Сондықтан жұмыс тобында айтқам, ұтылса, қазақстандықтар ұтылады, өзіміздің қазақтар. Оның үстіне оларды сынаймыз, олар осы жердің асын жеп, суын ішіп жүргесін ол сыннан ұялады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.