Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЗАУЫТ КҮДІККЕ ІЛІНДІ
Атырау мұнай өңдеу зауыты күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпорын өкілдері өкілеттігін асыра пайдаланды деп ойлайды. Яғни тауар бағасын негізсіз арттырған болуы мүмкін.
ЕКІНШІ АЭС
Еліміздегі екінші Атом электр стансасы Маңғыстау маңында немесе Курчатовта салынуы мүмкін. Депутаттар өз ұсыныстарын айтты. Соңғы шешімді кім қабылдайды?
БӨГЕТКЕ ҚАУІП ТӨНДІ
Сыр өңіріне қарғын судан қауіп бар. Төтенше жағдай министрлігі қызметкерлерін 28 аумақ алаңдатып отыр. Ол жақта 70 мың адам тұрады. Құтқарушылар бөгетті нығайтуға кірісті.
БАСПАНА ЛИЗИНГКЕ БЕРІЛЕ МЕ?
Көп ұзамай жеке тұлғалар көлік пен баспананы лизингке алуы мүмкін. Депутаттар жылжымайтын мүлікті жалға ала отырып, артынан меншікке беру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
ҚЫТАЙДА ТОЙ БАСТАЛДЫ
Қытайда шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл басталды. Енді аспан асты елі екі апта демалып, 20 шақты күн той жасайды. Сонда бұл елмен алыс-беріс қалай болмақ?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.