Сырғанақ теуіп жүрген оқушы қызды бірнеше жеткіншек жабылып ұрып тастаған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Тепкінің астында қалған жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Алматы полициясы оқиғаға қатысы бар кәмелет жасына толмаған бір топ жеткіншекті анықтап, жауап алған. Ал екі қыз баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Салтанат Әзірбек, полиция департаментінің ресми өкілі
— Аталған дерек бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жанжал тудырған екі жасөспірім қыздың да ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.