Екі мың SIM-карта мен үш SIM-box құрылғы. Алматыда талай адамды сан соқтырған шетелдік алаяқ ұсталды. Оны арнайы жасақ киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен қамауға алды. Жалдамалы пәтерді тінту барысында табылған SIM-box-құрылғының әрқайсында 32 SIM-карта слоты болған.
Жандос Сүйінбай, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
— Сондай-ақ әртүрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық SIM-картасы тәркіленді. Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.