SIM- box құрылғыларын лицензиясыз пайдаланғандарды жауапқа тарту керек

Сенаторлар SIM-бокс құрылғыларын лицензиясыз пайдаланғандарды қылмыстық жауапқа тартуды сұрайды. Сенаттың жалпы отырысында депутат Жанна Асанова Үкімет басшысына осындай сауал жолдады. Ол киберқылмыспен күресу үшін SIM-карталарды тіркеу кезінде азаматтарды биометриялық верификациядан өткізуді ұсынды.
Жанна Асанова, Сенат депутаты:
— Абоненттік құрылғыларды тіркеу процесін қатаңдату керек. SIM-карталарды тіркеу кезінде биометриялық және анкеталық верификация енгізу мобильді нөмірлерді қылмыстық мақсатта аноним пайдалануды қиындатады. Сонымен қатар қылмыскерлерді іздеу мен ұстауды жеңілдету үшін нақты абоненттік деректер базасын жасау қажет.
———————————————