Ерлан Қарин: «Заң және Тәртіп» маңызды құндылыққа ие

Әділдік, еңбек, заң және тәртіп. Отандастарымыз үшін маңызды құндылықтар осы. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-парақшасында жариялады. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қоғам арасында терең орныққан жалпыұлттық құндылықтар иерархиясын 84,1%-пен «Әділет» ұғымы көш бастап тұр. «Заң және Тәртіп» қағидаты екінші орында – 83,5%, үшінші сатыда «Еңбек» құндылығы – 83,4%.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде «Заң және Тәртіп» қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес», — деп жазды Ерлан Қарин.
———————————————