Үндістанда белгісіз ауру тарап жатыр. Сырқаттың миы ісіп кетеді

Үндістанда белгісіз ауру тарап жатыр. Қазірдің өзінде 17 адам қайтыс болды. Сырқаттың миы ісіп кетеді. Денесі қалтырап, жүрегі айниды, әлсіздік пайда болады. Дәрігерлер бұл дертке шипа таба алмай отыр. «Бірақ вирус емес екені анық», — дейді. Ауру негізінен Жамму және Кашмир штаттарында жиі кездеседі. Былтыр жыл соңынан бері 38 адам ауырған. Дертке қандай да бір таксин әсер еткен болуы мүмкін деген болжам бар.
———————————————