Бұдан былай бір перзентке зар болып жүрген отбасылар жасанды интеллектің көмегіне жүгіне алады. Отандық дәрігерлер жасанды ұрықтандыру ісіне соңғы технологияны енгізе бастады. Бұл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында бөлінетін квотаны екі есе азайтуға жол ашып отыр. Айталық, бұрын жыл сайын 7 мың квота бөлінсе, биыл ол үш жарым мың болды. Жалпы жоба 2021 жылы Президенттің бастамасымен қолға алынған болатын. Содан бері қанша сәби дүниеге келді?
Бұл ғажайып құрылғы – эмбриоскоп. Аппаратты жасанды интеллект басқарады. Барлық эмбрион осы арада салыстырылады. Даму сатысы зерттеледі. Осылайша, жатырға салынатын эмбрионның сапасы анықталыды.
Данияр Қаниев, эмбриолог:
— Бластоцистаның жасушаішілік массасы жақсы. Трафактодерма шырыштары да жарап тұр. Мен оған АБ сапасын берер едім. Бірақ жасанды интеллект басқа баға беруі мүмкін. Эмбрионның қалыптасуын, оның уақытша маркерлері бөліну кезінде сәйкестік тапқанын байқылайды. Бұл процесс оның жарамдылығын анықтайды.
Эмбрион жатырға салынған соң екі аптадан кейін арнайы тест тапсыру керек.
Алмас Ибрагимов, репродуктолог:
— Жалпы нәтиженің статистикасы 35%. Оның ішінде жасы келген әйелдер бар. Әрине, бұл жерде тиісті межеге қол жеткізу мүмкіндігі аса жоғары емес. Ол әйелдің жасына, ұрық жасушасының сапасына да байланысты.
Талай жыл бала көтере алмаған Виктория Құзғамбаеваға осы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ана болу бақыты бұйырды. Ол бұған дейін талай ем алса да, еш нәтиже болмағанын айтады.
Виктория Құзғамбаева, қала тұрғыны:
— Бұл бағдарлама көп отбасын құтқарды. Шынымды айтсам, мен өз қалтамнан тек 2-3 анализге төледім. Балалы болу – мен үшін тағдырдың сыйы. Аңсаған арманым орындалды.
«Аңсаған сәби» жобасы алғашында үш жылға ғана жоспарланған еді. Бірақ жоба сәтті жүзеге асып, сұраныс артқан соң оның уақыты 2030 жылға дейін созылды.
Алмагүл Ахметова, Репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті:
— Бүгінде іріктеудің үш көрсеткіші бар. Біріншісі – Антимюллерлі гормон. Ол аналық жасушаның мөлшерін көрсетеді. Кем дегенде біреу болуы керек. Екінші – ФСГ гормоны. Ол кемінде 12 болуы қажет және антарль фолликулалары. Олар екі не бір жақтан бестен кем болмауға тиіс.
Жыл сайын елімізде 16 мыңға жуық отбасы осы жасанды ұрықтандыру үдерісіне жүгінеді. Мемлекет осының тең жартысына жуығын қаржыландырып отыр. Бұл «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып келеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.