Баласының еміне деп ақша жинап, пәтер мен көлік алған: алаяқ ерлі-зайыптылар тергелді

Астанада ерлі-зайыптылар ұлын емдеуге 1,3 млрд теңге жинап, қаражаттың бір бөлігін пәтер, машина сатып алуға және құмар ойындарына жұмсаған. Астана қаласы бойынша департаменті ұлының еміне қаражат жинау үшін кең көлемді жарнама науқанын ұйымдастырған ерлі-зайыптыға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. Қайырымдылық қаржысын тұрақты түрде алып отыру үшін олар келіп түскен қаражаттың үштен бір бөлігін, яғни 481 миллионнан астам теңгені әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалауға бағыттаған. Meta Ads арқылы жүргізілген жарнама аудиторияны едәуір кеңейтіп, қайырымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік берген. Күдіктілер Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын операция жасатамыз деген желеуді де пайдаланған. Қажет сома жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған.
САЛТАНАТ КУШЕРБАЕВА, ҚР ҚМА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Тергеу амалдарына сай, баланың қатысуымен көрсетілген бейнероликтер, әсерлі жазбалар инстаграмм және фейсбук арқылы жүргізілген. Таргеттелген жарнама мыңдаған адамның жүрегіне әсер еткен. Азаматтардың сенімі мен жанаршылығын пайдалана отырып, күдіктілер бір миллиард теңгеден астам көлемде қаражат жинаған. Алайда баланың еміне тек алты миллион теңге жұмсалған. Қалған қаражат ерлізайыпты жеке мақсаттарына пайдаланған. Нақты айтқанда, елордада үш пәтер, жер телімі, бес автокөлік сатып алған. Сонымен қатар қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалған.
———————————————