2026 жылы міндетті әлеуметтік медицниалық сақтандыру жүйесіне өзгеріс енгізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойған болатын. Жаңашылдық МӘМС жарналарын өсіру, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға қатысты. Жаңа заң аясында қатерлі ісік аруларын ерте анықтауға мүмкіндік туады. Мәселен, онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азамат үшін тегін болады. Одан бөлек, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін 8 әлеуметтік маңызды дерттің тізбесі кеңейтілді. Атап айтсақ, бұл туберкулез, созылмалы вирустық гепатит және бауыр циррозы, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары, инсульт және қатерлі ісік аурулары. Бұл ретте динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар бойынша стацинарлық көмек МӘМС базалық пакетіне қосымша ауысады. Мамандардың мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде 3 млн-ға жуық адам медициналық сақтандырумен қамтылмаған.
ӘЛИЯ РҮСТЕМОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Табысы төмен, яғни әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жергілікті атқарушы органдар МӘМС жарналарын төлейді. Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша осындай санатқа жататын 56 мың азамат бар. Оның — 17 мыңы жұмыссыз тұрғын.
МӘМС бойынша жарналарын үзбей, тұрақты түрде аударған қазақстандықтар үшін жеңілдіктер де қарастырылған. 5 жыл қатарынан жарна төлеген азаматтар, төлемдері уақытша тоқтаған жағдайда сақтандыру мәртебесін 6 айға дейін ұзарта алады. Медициналық сақтандыру қорымен емделіп жүргендердің ем-дом сапасына көңілі тола ма?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.