Ақтөбеде жұмысшы мамандықтарын дамытуға және азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесуге бағытталған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Ол 50 бастамадан тұрады. Жауаптылар жергілікті еңбек нарығындағы сұранысты зерттеп, осындай шешім қабылдады. Осының аясында кәсіптік білім беру жүйесін нығайтып, жоғары білікті мамандарды даярлау көзделген.
Әліби Қазимов колледжде екінші курста оқиды. Қазір ол дәнекерлеуші мамандағының қыр-сырын меңгеруде. Қолына дипломын алған соң шетелге барып, жұмыс істеу – басты арманы.
Әліби Қазимов, колледж студенті:
— Осыдан кейін жоғары оқу орнына түсемін. Себебі аргон, кейін су астында дәнекерлеу технологиясын меңгеру – менің басты арманым. Әрине, бұл оңай жұмыс емес. Бірақ ынта болса, барлығын үйренуге болады. Сосын Норвегияға барсам деген жоспарым бар.
Әліби көпбалалы отбасыда дүниеге келген. Үйдің екіншісі. Әке жолын қуып, осы саланы таңдаған.
Болат Қазимов, Әлібидің әкесі:
— Негізі өзім газэлектрдәнекерлеуші болып жұмыс істеймін. Жұмыстан келгенде жасаған істерімді айтамын. Ұлым соған қызығып, сол профессияны таңдады. Газэлектрдәнекерлеуші – өте жақсы мамандық. Өзіме ұнайды.
80 жылға жуық тарихы бар Ақтөбедегі жұмысшы мамандықтарын даярлайтын колледже қазір 600-ден астам студент тегін оқиды. Олардың барлығы дуалды білім беру жүйесі аясында алған білімін тәжірибеде ұштастырады. Ал биылдан бастап жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.
Айболат Қуантаев, Құрылыс-техникалық колледжінің аға шебері:
— Қыркүйек айынан бастап ЛТФТ шаруашылығы мен эскалатор мамандығын ашу ойымызда бар. Қазіргі таңда шеберхана дайын. Макетті алып, жөндеу жасап қойдық. Енді бір жыл он айға талапкерлерді қабылдаймыз.
Жұмысшы мамандықтары жылына орай биыл өңірде арнайы жоспар бекітілді. Осының аясында колледждерде саябақ шаруашылығын басқару, қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану секілді жаңа мамандықтарды ашу көзделіп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.