Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы нығайып келеді. Қос мемлекет арасында қаржы айналымы 5 млрд АҚШ долларына жеткен. Бауырлас елден Қазақстанға 4,5 млрд доллар инвестиция тартылған. «Алдағы уақытта екі ел арасында саяси, әскери, гуманиралық салаларда әріптестіктің әлеуетін арттыруға мүмкіндік мол», — дейді сарпашылар.
ЖҰМАБЕК САРАБЕКОВ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
— Осы бағытта жаңа шешімдер қаралуы мүмкін. Инвестиция бойынша да жаңа импульс керек. Екі мемлекет арасында жүзеге асырылатын мүмкіндіктер орасан. Бұған екі тарап та мүдделі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.