Астанада кісі тонап, қарақшылықпен айналысқандар ұсталды

11 млн теңге және жол талғамайтын көлік. Тәртіп сақшылары Астана тұрғындарын қорқытып, ақша, дүние-мүлкін тартып алумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың арасында бұрын істі болғандар да бар. Ұйымдасқан қылмыстық топ жақында банктердің бірінің жанында 6 миллион теңгені ашық түрде тонап кеткен.
Қуандық Алпыс, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
— Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде.
———————————————