Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов сотталды. Еске сала кетсек, Мажағұловқа аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айып тағылды. Шенеунік «Солнце» субырқағын салу кезінде миллиардтан астам теңгені қолды қылған. Сот үкімі бойынша, Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал инженер Мәди Қанапин үш жарым жылға сотталды. Одан бөлек, екеуі 1 миллиард 86 миллион теңге материалдық шығынды бірлесіп төлеуге міндеттелді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.