Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында мыңдаған тонна картоп үсіп кетті. Көкөніске толы 43 вагон Павлодардан Ташкентке жөнелтілген. Сарыағаш шекарасында ауыл шаруашылығының бөлімінің өкілдері картопты тексереміз деп тоқтатқан. Тиісті тексеру жұмыстары 10 күнге созылып, көкөністер шіріп кетті. Кәсіпкерлердің айтуынша, жүктің құжаты 15 қаңтарға дейін рәсімделген. Пойыз 19 қаңтарда тоқтатылды. Олар жүктің неге сонша уақыт кідіргенін түсінбейді.
Саят Сақмолдин, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары:
— Шекарадан өту кезінде экспорттық шарттарда көрсетілген картоптың құны мен нақты нарықтық құнының айтарлықтай төмендеуіне байланысты жүк жөнелтушілерге сұрақ туындады. Яғни құжаттарына картоп килограмына 40-50 теңге белгіленгені анықталды. Сол себепті вагондар барлық жағдай анықталғанға дейін тоқтатылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.