Қазақстаннан тасымалданатын тауық етінен бактерия табылды

Қазақстаннан тасымалданатын тауық етінен бактерия табылды. Ресей тарапы осындай ақпарат таратты. Бірақ көп ұзамай бұл мәлімдеме ресейлік сайттардан өшірілді.
Салтанат Абылқасымова, АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитететінің басқарма басшысы:
— Сайттардан не себепті алып тасталғанын білмейміз. Мүмкін бұл ақпарат мұқият зерттелуі керек шығар. Қазіргі таңда комитеттің аумақтық инспекциясы тиісті кәсіпорындағы мән-жайды анықтау үшін тексеру ұйымдастырылып жатыр. Сол тексерудің аясыда тағы да сынамалар алынады.
———————————————