Қазақ әскері ет жеп, сорпа ішеді. Жауынгердің айбынын асырып, жігерін жану үшін ас мәзіріне ұлттық тағам енгізілді. Атап айтар босақ, енді сарбаздар мен әскери қызметшілер күн сайын наурыз көже ішіп, сірне, нарын, кеспе, бауырсақ жейді. Әскерилердің күш-қуатын арттыратын ұлттық ас мәзірін әзірлеуге Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары атсалысқан.
Самат Әлмішев, Ұлттық ұланның бөлім бастығы:
— Ұлттық ұланның бастамасы қолдау тапты. Дәстүрлі тағамдар денсаулыққа пайдасынан бөлек, әскери қызметшілерді патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, Ұлттық ұлан қоймаларындағы азық-түлік қорының жарамдылық мерзімдеріне цифрлық бақылау енгізілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.