Ақтаудағы тренер қыздың өлімі: басты күдікті өмір бойына сотталды | 31.01.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖАҢА ҮКІМ
Ақтаулық марқұм Алина Серікованың аруағы бір аунап түсті. Спортшы қызды ұрлап әкетіп, зорлап, есірткі беріп несие алдыртқан бес жігітке жаңа жаза кесілді.

ТАУЫҚ ЕТІ ТАЗА МА?
Қазақстаннан тасымалданатын тауық етінен бактерия табылды. Ресей тарапы осындай ақпарат таратты. Бұл шын ба әлде бәзбіреу жапқан жала ма? Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

СУ ШАЙМАЙДЫ
Ел бойынша бір мыңнан астам елді мекенді су шайып кету қаупі бар. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігі тасқынға тас түйін дайынбыз деп отыр. Қауіптің алдын алу үшін қап-қап құм төсеп, қалың бөгетті мызғымастай етіп бекіткен.

DIGITAL ALMATY 2025
Алматыға әлемнің әр түкпірінен ақыл иелері жиналды. Олар халықаралық цифрлық форумда жасанды интеллектің кереметін күнделікті өмірде қалай қолдану керек екенін паш етпекші.

ӘСКЕРГЕ ЕТ АСЫП БЕРЕДІ
Қазақ әскері ет жеп, сорпа ішеді. Ас мәзіріне жауынгердің күш-қуатын арттыратын ұлттық тағам енгізілді. Енді сарбаздар күн сайын наурыз көже ішіп, сірне, нарын, кеспе, бауырсақ жейді.
———————————————