Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тауып, төрт жолаушы ауруханаға түсті. Жансақтау бөліміндегі 3 науқастың жағдайы ауыр, ал біреуі травмотология бөлімінде жатыр. Кентау – Түркістан тасжолында болған апат салдарынан өрт шыққан. Жеңіл көліктің бірі қарсы бетке шығып кеткен. Бұл – алдын ала болжам. Қайғылы оқиға ізімен полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
БАҒЛАНБЕК АЙТПАЕВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
– Алты адам орында қайтыс болып, төрт адам Кентау қалалық ауруханасына жеткізілді. Құрметті көлік жүргізушілері Түркістан обылысы полиция департаменті жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.