Қазақстандықтар мемлекеттік қызметті виртуалды көмекші арқылы алады. Жыл соңына дейін түрлі салада 50-ден астам жасанды интеллект негізінде онлайн көмекші іске қосылады. Жоба аясында ұлттық тілдік модель әзірленді. Оның негізінде 100 млрд токен жинақталған. Ол төрт тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілінде жасалды. Бұл цифрлық шешім Egov, E-otinish және заң жүйесінде пайдаланылады.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.