Түнде еліміздің солтүстігінде тағы бір отбасы қара жамылды. Шал ақын ауданының Ступинка ауылында үй өртеніп, отағасы мен төрт бала тірідей жанып кетті. Өрт сөндірушілер жеткенше баспананың күлі көкке ұшқан. Өрт себебі анықталып жатыр. Қайтыс болған үйдің иесі 40 жаста. Жергілікті кәсіпорында еңбек еткен. Ал тілсіз жау құрбаны болған үйдің ең үлкені 18 жаста, кішісі сегізге енді толған.
Отбасында бір ұл бала тұл жетім болып қалды. Ол Петропавлда коллежде оқиды. Ал үйдің анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Жергілікті билік өкілдері жерлеу рәсіміне көмектесетінін жеткізді. Жалғыз қалған 16 жастағы баланы әкімдік қамқорлыққа алып, жатақхана береді. Өтемақы төлеу мәселесі де пысықталып жатыр. Болашақта баланы баспанамен қамту жағы да қарастырылады.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.