Түркияның Болу провинциясындағы тау-шаңғы демалыс орнындағы өрттен көз жұмған адам 79-ға жетті. 11 күдікті қамауға алынды. Арасында Болу муниципалитеті басшысының орынбасары, өртке қарсы қызмет басшысының орынбасары және қонақүйдің иесі мен менеджері бар. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сараптамалық жұмыс аяқталды. Енді ғимарат түгел сүріледі. Бұл – ортақ шешім. Айта кетейік, 21 қаңтарға қараған түні Карталкая курортындағы қонақүй өртенді. Оқиға болған сәтте ғимаратта 234 демалушы болған.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.