Жолда қалған 100 астам адам құтқарылды

Ескертуді елемей, жолға шығып, айдалада қаңтарылған көлік көбейді. Ақтөбе облысында Шымкенттен Уфаға бет алған 82 жолаушысы бар автобус бұзылып, жолда қалған. Полиция қызметкерлері 84 адамды жылыту пунктіне жеткізіп, ыстық тамақ берген. Оның ішінде үш бала, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары да бар. Оның сыртында Самара – Шымкент тасжолының Қобда ауданы аумағында тағы бір автобус қар құрсауында қалып, ішіндегі 25 жолаушыға көмек көрсетілді.
Жамбыл Нұрәлиев, Ақтөбе облысы ПБ командирінің орынбасары:
— Ақтөбе облысындағы 30 градус аязға қарамастан кейбір жүргізушілер құтқарушылар мен полицияның ескертуіне елемеушілік танытты.
———————————————

Telegram: https://t.me/tv7kz_news