Елімізде ауа райы тұрақсыз. Соңғы күндері боран салдарынан республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды. Бірқатар аймақ мектептерінде сабақ онлайн жүйеге ауысты. Қазгидрометтің мәлімдеуінше, алдағы үш күнде кей аймақта аяз 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Жалпы елде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болады. Бұл қазақ даласына бөрісырғақ кезеңінің келгенін білдіреді. Қар қатайып, бетінде сырғақ жүргенде бөрі де аласұрып, мал-жанның мазасын қашырады. Қазақтың күн қайыруында осы бір кезеңді «бөрісырғақ» деп атайды. Бұл күндері қасқыр атауы жұптасады. Сондықтан бөрісырғақ кезінде аңшылар 2 айдай қасқырдың ізіне түспейді.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.