Лос-Анджелес маңында қатты желден құрғақ шөп тұтанып тағы орман өртенді. Жалынды сөндіруге 4 мыңнан астам өрт сөндіруші жіберілді. Тікұшақтар көлдің суын бүркіп жатыр. «Анджелес» ұлттық орман қорығы жабылып, 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тағы 23 мың тұрғынға ескерту берілді. Тілсіз жау бірнеше сағат ішінде шамамен 38 шаршы шақырым аумақты шарпып үлгерген. Жалпы осы айдың басынан Лос-Анджелестегі орман өртінен келген шығын 250 млрд доллардан асты деген болжам бар.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.