Аялдамада тұрған жүргіншілерге су шашқан жүргізуші қамалды | 23.01.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

МҮГЕДЕКТІҢ ОБАЛЫ КІМДЕ?
Қам көңіл жандарға тиесілі ақшаны қымқырған. Ел ішінде мүгедектерге көрсетілетін қызмет бағасын өтірік арттырып, 830 миллион теңгені қалтаға басқандар ұсталды.

ЖАЛҒАН ЖҰМЫС
Еуропада еңбек етіп, табысқа кенелемін деген жұрттың үміті үзілді. Қазір олар құжат рәсімдеуге берген ақшаларын қайтарып ала алмай жүр. Әр тұрғыннан 1,5 млн теңге сыпырып алған виза орталығын полиция тергеп жатыр.

ҮЙ КЕЗЕГІ ЖОЙЫЛДЫ
Енді үй алу үшін айлап-жылдап кезекке тұрудың қажеті жоқ. Баспана беру тәртібі түбегейлі өзгерді. Бұл жүйені арнайы құрылған отбасы институты жүзеге асырады.

ТЕГІН ДӘРІ
Тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі кеміді. Енді медициналық мекемелер дәріні оңды-солды таратпайды. Сонда сырқаты жанына батқан адам не істейді? Ем-домның арзан әрі оңай жолы қайсы?

ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЖЫРЫ
Қарағанды – Балқаш жолында 19 көлік соқтығысты. Жүргізуші полицияға бағынбай, апатқа себепкер болған. Ал Ақтауда жұртқа әдейі су шашқан әумесер жүргізуші жазаға тартылды.
———————————————

Telegram https://t.me/tv7kz_news