Экстремистік топ мүшелері ұсталды

Экстремистік топқа мүше болған бірнеше адам ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана мен Қосшы қаласында арнайы операция жүргізді. Қазір төрт ер адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, тергеу мүддесі үшін әзірге толық ақпарат жарияланбайды.
Қайырлы Ахмет, ҚР ҰҚК ресми өкілі:
— Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдіктелуде. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.
———————————————

Telegram: https://t.me/tv7kz_news