6 жасар жиенін тұншықтырып өлтірген әйел 20 жылға сотталды

Шымкентте 6 жасар қыздың өмірін қиған әйелге сот үкімі шықты. 30 жастағы келіншек кішкентай жиенін ұрып, кейін ваннадағы суға тұншықтырып өлтірген. Ол өзінің әпкесімен жалдамалы пәтерде тұрған. Түнде 6 жастағы қыз ұйқыдан жылап оянғаны үшін ашуланып, алдымен бүлдіршіннің аяқ-қолын байлап, ұрып-соққан. Жиені есінен танып қалған соң, ваннаға су толтырып, тұншықтырып өлтірген. Заттай дәлелдеме мен сараптама нәтижесі қылмысты растап тұрса да, сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сот оны баланы өлтіру бабы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Сұлтанбек Сиез, ауданаралық сот әкімшісінің бас маманы:
— Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сот ҚК 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
———————————————

Telegram: https://t.me/tv7kz_news