Шетел көргісі келген қостанайлық тұрғындар сан соғып қалды. Шаhардағы турагенттіктердің бірі бірнеше адамды алдап соққан. Египет, Түркия, Тайланд, Вьетнам, Қытай сынды мемлекетке саяхат жасауды жоспарлағандардың алды былтыр күзде алдын ала төлем жасап қойған. Бірақ олардың көбі тур бағыттары бойынша тапсырыс берілмегенін жолға шығар күні ғана естіп, жағаларын ұстады. Туристік компанияның иесі бұған шетелдік әріптестерін кінәлап, жәбірленушілердің қаражатын қайтаруға асығар емес. Тексеріс жүргізген полиция қызметкерлеріне де ешқандай құжат көрсете алмады. Алдын ала есептеу бойынша келтірілген шығын көлемі 40 миллион теңгеге жуықтаған. Қазір осы жағдайға байланысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Дмитрий Пивоваров, жәбірленуші:
— Турсыз, ақшасыз қалып, алаяқтардың арбауына түсіп қалған мен сияқты 50-ден астам адам арыз түсірді. Тағы жәбірленушілер бар деп ойлаймын.
Болат Иманов, қалалық полиция басқармасының бастығы:
— Бұл фактіге қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тағы да алданған азаматтар болса, полиция басқармасына жүгінін сұраймыз.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.