Ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі жарияланады

Келесі аптада Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала есебі жарияланады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Ұшақ апатын тергеумен 17 адамнан құралған комиссия айналысып жатыр. Олар – Ресей, Әзербайжан, Бразилия, және ИКАО өкілдері. Сарапшылар қара жәшіктегі барлық деректі өңдеп, зерттеуде. Еске сала кетейік, Бакуден Грозныйға ұшқан әуе кемесі Ақтау маңында апатқа ұшырады. Соның салдарынан 38 адам қайтыс болды. Оның алтауы – Қазақстан азаматы. Премьер-министрдің сөзінше, олардың отбасыларына 5 млн теңге көлемінде өтемақы берілді.
Қанат Бозымбаев, Премьер-Министрдің орынбасары:
— Ұшақтың дауысын сәйкестендіріп жатыр. Нақты кімдердің дауысы екеніне тексеріс жасайды. Кім не айтты, қандай команда берілді, барлығы анықталады. Зерттеу келесі аптада бітіуі керек.
———————————————

Telegram: https://t.me/tv7kz_news