(без названия)

«Қазпошта» таза табысқа шықты

«Қазпошта» дүниежүзілік пошта одағының рейтингісінде ең үздік 50 пошта операторының қатарына кірді. Былтыр 20 миллион сәлемдеме жөнелтілген. Оның 42% ауылдық елді мекенге жетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания басшысы Әсел Жанасова баяндады. Ол Президент қабылдауында болған және соңғы екі жылда «Қазпоштаның» таза табысы өскенін айтты. Мәселен, былтыр компания бюджетке 45 миллиард теңге салық пен баж алымын төлеген. Президент ТМД-ға бағытталған көлік-логистика әлеуетін электронды сауда саласында дамыту және цифрлық шешім енгізу жұмысын жалғастыруды тапсырды.
Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:
— Біз Ақтөбе қаласының әуежайында түрік инвесторларымен бірге осы жылы үлкен халықаралық хаб саламыз. Логистикалық-транзиттік хаб болу аясында Алибабаның еншілес компаниясы Cainiao-мен бірге ТМД-ның тоғыз мемлекетіне электрондық тауарларды тасимыз. Сонымен қатар цифрландыру барысында жапон поштасымен және Toshiba компаниясымен бірге біздің қоймалардың ішін автоматтандыру және роботтандыру жұмыстары жүргізілуде.
———————————————

Telegram: https://t.me/tv7kz_news