Қазақстанда Ұлттық жоба аясында жаңа 27 зауыт салынады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осындай жаңалықпен бөлісті. Энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба екі блоктан тұрады. Біріншісі – алдағы бес жыл ішінде 7 300 мегаватқа жуық қамтамасыз етіп, генерациялау. Оған 6 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Жобаның екінші бөлігі – коммуналдық желілерді жаңғырту. Мұндағы инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 6,8 триллион теңге болады. Ол ақшаға 86 мың шақырым коммуналдық желіні жаңартып, жаңғырту және дамыту қажет.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.