Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне биыл соғыс ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Айта кетейік, қазір еліміз бойынша 120 соғыс ардагері бар. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының көлемі биыл 17 млрд теңгеге көбейеді. Ол ардагерлердің барлық санатына қарастырылған. Әлеуметтік төлемнен бөлек, соғыс ардагерлеріне 62 мың теңге беріледі. Соғыс кезінде жарақат алып, мүгедектігі бар адамға 27 мың теңге, сол сияқты Ұлы отан соғысына теңестірілген тұлғаларға 24 мың теңге тағайындалған.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.