16 жастағы Дастан Сатпаев «Челси» сапында ойнайды

Қазақ футбол тарихындағы рекордтық келісім. 16 жастағы Дастан Сатпаев енді лондондық Челси сапында ойнайды. Бұл ақпаратты әлемдік футболдың басты инсайдері Фабрицио Романо растады.
«Челси» қазақстандық жас футболшыны 4,3 миллион еуроға сатып алады. 2,4 миллион еуро – нақты төлем, ал қалғаны «Қайрат» немесе жалға берілген өзге клуб сапында өткізген ойындары үшін бонус ретінде қарастырылады.
Бесжылдық келісімшарт 2026 жылы Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді. FIFA шектеулеріне байланысты ол кәмелетке толғанға дейін Алматы командасында қалуы керек. Сәтпаевқа қызығушылық танытқандар арасында «Зальцбург», «Байер», «Бенфика» мен «Реал Сосьедад» командалары бар. Алайда «Челси» Дастанды өз қатарында көру үшін барын салған. «Бұл қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық келісім болады», — дейді сарапшылар.
———————————————

Telegram: https://t.me/tv7kz_news