АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі отандастарымызға үндеу жасады. Онда сол елде заңсыз жүрген қазақстандықтарды шұғыл түрде елге қайтуға шақырды. Өйткені Вашингтон миграция туралы заңды күшейтті. Әзірге АҚШ билігі заңсыз жүргендерге өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан осы орайлы сәтті ұтымды пайдалану үшін елшілік отандастарымызға қол ұшын созуға дайын. Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын АҚШ екі әскери ұшақпен колумбиялық мигранттарды еліне қайтармақшы болған. Алайда Колумбия президенті оларды қабыдаудан бас тартты. Дональд Трамп Колумбиядан келетін барлық тауарға 25% баж салығын дереу енгізетінін, қаржылай санкциялар салатынын хабарлады. Осыдан кейін Колумбия президенті жерлестерін қайтару үшін өз ұшағын ұсынды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.