Дәрігерге қол жұмсаған пациент жауапқа тартылып жатыр

Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрі:
— Медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, денсаулығына зиян келтіргендерге жауапкершілік күшейеді. Бастаманы Бас прокуратура қолдады. Тиісті нормалар қазір бекітіліп жатыр. Енді депутаттар мақұлдаса, биыл Қылмыстық кодекске тиісті баптарды енгіземіз деп ойлаймын. Онда айыппұлдан басқа, дәрігерге қоқан-лоқы көрсеткендерді бас бостандығынан айыру, шектеу түрлері қарастырылған.
———————————————