Түркиядағы тау шаңғысы курортында болған өрттен 78 адамның қаза табуына байланысты жүргізілген тергеу аяқталды. Күдікті ретінде 19 адам қамауға алынды. Тергеу сараптамасының нәтижесіне сәйкес, қайтыс болғандардың 38-і – кәмелетке толмаған бала. Қонақүйде өрт кезінде автоматты түрде су шашатын жүйенің болмағаны да анықталған. Бұдан бөлек, өрт кезінде далаға шығуға арналған апаттық баспалдақтардың есіктері жабық тұрған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.