Аралдың экожүйесін қалпына келтіру жалғасады

Биыл Арал теңізінің құрғаған ұлтанында экожүйені қалпына келтіру бойынша ауқымды жоба жалғасады. Бұл шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүріп жатыр. Экология министрлігінің мәліметінше, жобаға отандық жеке және ұлттық компаниялар қатысады. Қатысушылардың арасында француз мемлекеттік компаниясы бар. Бастаманың негізгі мақсаты – жердің тозуын болдырмау, экологиялық жағдайды жақсарту. Нәтиже бар. 12 000 гектарға егін егілді. 522 тонна тұқым жиналды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында 108 000 гектарға тұқым себу жоспарланды. Ал наурыз айында 16 492 гектарға сексеуіл көшеттері отырғызылады.
———————————————