Колледждегі буллинг: студент қызды соққыға жықты

Жастар арасында қатыгездік азаяр емес. Павлодарда колледж студенті өзімен қатарлас қызды аяусыз ұрып-соққан. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан әлдебір бойжеткеннің жәбірленушіні жерге құлатып, бірнеше жерден соққы жасағанын көруге болады. Ал бөлмеде болған өзге қыздар зорлық-зомбылықты көре тұра, араша түспеген. Бұл оқиғаға байланысты Полиция департаменті түсініктеме берді.
Жанар Белялова, Полиция департаментінің ресми өкілі:
Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қатысқан кәмелетке толмаған заңды өкіліне кепілгерлігімен тапсырылды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін заңды өкілі жауапқа тартылды. Жасөспірім профилактикалық есепке алынды.
———————————————