Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҮКІМЕТ ЕСЕП БЕРДІ
Былтыр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қай деңгейде болды? Биылғы меже қандай? Асығы алшысынан түсіп, тасы өрге домалаған сала бар ма? Үкімет Президент алдында есеп берді.
ТАРИХИ РЕКОРД
Мұнайдан мұхит жасаймыз. Қазақстан бір тәулікте 278 мың тоннадан астам мұнай өндірді. Бұл тарихи көрсеткіш. Енді еліміз шалқымаса да, қаражаттан қысылмауы керек.
ТӨРТ ТОНАУШЫ
Төрт тонаушы тәубесіне келді. Арнайы жасақ пәтер ұрыларын Алматының қақ ортасында қолға түсірді. Талайдың дүние-мүлкін талан-таражға салғандар тапқанын тар қапаста отырып қайтарады.
АРАҚТАН ТАПҚАН АҚША
Арақ-шарапты астыртын сату арқылы байығысы келген. Ерлі-зайыптыдан 300 млн теңге тәркіленді. Олар алкоголь өнімдерін қолдан жасап, рұқсатсыз айналымға салған.
БІР УЫС КІТАП
Павлодарда оқырман назарына алақандай туындылар ұсынылды. Уысқа сыйып кететін кітаптың салмағы да жоқ, алып жүруге оңай. Бірақ оны оқу үшін үлкейткіш көзілдірік қажет.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.