(без названия)

Қазақстан бір тәулікте 278 мың тоннадан астам мұнай өндірді

Мұнай өндіруден тарихи рекорд. Қазақстан бір тәулікте 278 мың тоннадан астам қара алтын өндірді. Бұл былтырғы осы күнгі көрсеткіштен 10,5% көп. Мамандар: «Бұл рекордтық нәтижеге «Теңізшевройл» болашақ кеңейту жобасының негізгі кезеңін аяқтап, Теңіз кен орнындағы үшінші буын зауытын іске қосудың арқасында қол жеткіздік», — дейді. Биыл Қазақстан мұнай мен газ өндірісін 96 млн тоннадан асыруды жоспарлап отыр. Былтыр 87 млн тонна өндірілген. Айта кетейік, Теңіз кенішінде 3,1 млрд тонна мұнай қоры бар.
———————————————