3 күн бұрын Алматыда жас жігітті қағып кеткен троллейбус жүргізушісі туралы ақпарат шықты. Ол 46 жастағы 10 жылдан астам көлік жүргізген әйел екен. Жүргізуші 2 айға қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, жолды кесіп өтіп бара жатқан жігітті троллейбус қағып кеткен еді. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
-Троллейбусты тізгіндеген 46 жастағы әйел азаматша қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.