Түркістан тұрғындарын 10 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ Беларусьте ұсталды

Ол Түркістанда 13 азаматтың 10 миллион теңгесін қалтасына басып, шетелге қашып кеткен. Тұрғындарды бизнес ашуға қайтарымсыз грант алып беремін деп алдаған. Бас прокуратура өкілдері күдіктіні елге экстрадициялады. Енді Астанадағы изоляторға қамалған алаяқтың мүлкі түгел тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk