ҚР ІІМ: қателік автомектептен болған

Ішкі істер министрлігі автомектеп түлектеріне жүргізуші куәлігін беру кезінде туындаған жағдайға қатысты түсінік берді. Ел бойынша жүздеген курсант ақпараттық жүйеде аты-жөні шықпай, теориялық емтиханды тапсыра алмай қалған болатын. Министрлік өкілдері мәселе автомектептерден түскен деректердің толық еместігінен немесе қателігінен болған дейді.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі:
-Мәселені шешу үшін деректерді қайта салыстыру жүргізіліп жатыр. Автомектептер курсанттардың өз куәліктерін тексеруге арналған сайтты іске қосты. Мамандандырылған ХҚКО-ларда консультация беру үшін ІІО қызметкерлері жұмыс істейді. Цифрлық куәліктерге көшу 2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін аяқталады.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk