Астанада 21 жастағы жігіт туыстарын бауыздап тастады | 20.01.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

СЕКСУАЛДЫ ҚҰЛДЫҚ
Сексуалды құлдықта болған қыз балаға қатысты сот процесі басталды. Бұл жолы негізгі айыпталушылар тыңдалып жатыр. Олардың арасында оқушының тәнін сатып, 10 миллион теңге пайда тапқан сыныптастары да бар.

«ТЕБЕГЕН» ТӘРБИЕШІ
Атырауда бүлдіршінді тепкен тәрбиеші сотталады. Ол балабақшадан қуылған еді. Енді үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. «Тебеген» тәрбиеші тәубесіне келді ме?

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙ МА?
Бұдан былай бензин бағасын үкімет бақыламайды. Яғни АИ 92 маркалы жанармай құнын нарық реттейді. Дизель отыны да ырқына жіберіледі. Енді жанар-жағармай шарықтап кетпей ме?

КАРТОП «КӨТЕРІЛДІ»
Елде картоп қымбаттап кетті. Көкөністің бұл түрін көрші елдер тоқтатпай әкетіп жатыр. Қазақстан картобына сырттан сұраныстың артуына не себеп? Ішкі нарықта тапшылық тумай ма?

МОПЕДШІГЕ МІНДЕТ
Мопед мінушіге үлкен міндет жүктеледі. Екі айдан кейін нөмірі жоқ техника көшеде жүрмейді. Жүргізуші куәлігі жоқтар айыппұл арқалайды.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk