Қызылордада сексуалды құлдықта болған қыз балаға қатысты сот процесі басталды. Бұл жолы негізгі айыпталушылар тыңдалып жатыр. Олардың арасында оқушының тәнін сатып, 10 миллион теңге пайда тапқан сыныптастары да бар. Сотқа бас-аяғы тоғыз айыпталушы тартылған. Бесеуі кәмелетке толмаған. Сот жабық түрде өтіп жатыр.
Қамбар Бекенов, тілші:
— Аталған оқиға бойынша жергілікті полицейлер 11 адамды күдікті деп танып, өткен жылдың соңында бірнешеуіне қатысты сот үкімі шыққан болатын. Бүгінгі сот отырысына қатысып жатқан айыпталушылардың әрқайсысында екі-үш адвокаттан бар. Бұл процестің тартысқа толы болатынын көрсетеді.
Еске сала кетсек, жоғары сынып оқушысы мәжбүрлі түрде жарты жылдан астам уақыт жезөкшелік қызмет көрсетіп келген. Қаршадай қыздың тәнін саудалаған өзінің сыныптастары мен құрбылары болып шықты. Белгілі болғандай кәмелетке толмаған қыздың «қызметін» 1000-нан аса еркек пайдаланған екен. Жыныстық қатынас түріндегі қызметті пайдаланғандар ақшаларын күдіктілердің бірінің анасының есепшотына аударып отырған. Алдын ала есеп бойынша, 10 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.
Қамбар Бекенов, тілші:
— Қоғамды дүр сілкіндірген іс бойынша сот отырысы қанша күнге созылатыны белгісіз. Қылмыстық іске қатысты жайттар жариялауға жатпайды. Соңғы сот үкімі оқылғанша назарда ұстаймыз.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.