Бүлдіршінді тепкен тәрбиеші жұмысынан қуылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бірер күн бұрын балабақша тәрбиешісінің кішкентай баланы тепкен видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұртты елең еткізген еді. Оқиға 15 қаңтарда Атыраудағы «Зейнеп-Әмина» балабақшасында болған.
Балабақша басшылығының айтуынша, тәрбиеші дереу жұмыстан шығарылған. Ал полиция оқиға ізімен қылмыстық іс қозғаған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Осыған ұқсас жағдай өткен аптада Екібастұз балабақшасының бірінде де болды. Ол жерде тәрбиеші баланың бетін көрпемен бүркеп, ұрған.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.