Сарбаздың туыстары бозбаланың өзін-өзі атқанына сенбейді

Өз еркімен әскерге аттанып, үйіне табытпен оралған сарбаздың туыстары әділдік іздейді. Марқұмның жақындары небәрі 18 жаста мерт болған бозбала өзін-өзі атты дегенге мүлдем сенбейді. Дастан Құрманбек үш ай бұрын ғана Отан алдындағы борышын өтеу үшін Сарыөзек әскери горнизонына аттанған. Бірақ жақында ғана туыстарына хабарласып, алып кетуді өтініпті. Ал ертесіне суыт хабар жеткен. Қазір сарбаздың өліміне қатысты «Қару-жарақпен жұмыс істеу қағидаларын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары сараптама нәтижесін күтіп отыр.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk