Ақтөбеде танысы кепілдікте ұстап, ауыр жарақат салған әйел ауруханадан шықты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 40 жастағы келіншек басынан ауыр жарақат алып, миы шайқалған. Енді тұрғылықты жері бойынша емхана мамандарының бақылауында болады. Айта кетейік, оқиға болған түні әйелдің өгей әкесі мен шешесі де кепілге алынып, алған жарақатынан екеуі де қайтыс болған еді. Күдікті қамауда, оған кісі өлтірді және адамды кепілге алды деген айыптар тағылып отыр. Бейресми деректер бойынша, күдікті жалғыз тұрған, еш жерде жұмыс істемеген. Қазір оның пәтері мөрленіп тұр.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.