Трамп TikTok-ты қайта жандандырмақ

Вашингтон АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трампты ұлықтауға қызу дайындық үстінде. Ақ үй іс-шараға 200 мыңдай адам келетінін хабарлады.
Дональд Трамп – екі рет сайланған бесінші АҚШ президенті. Ол ант қабылдағаннан бастап Джо Байденнің әкімшілігі енгізген бірталай заңды жоятынын хабарлады. Оның ішінде TikTok әлеуметтік желісіне қатысты қаулы да бар. Кеше АҚШ-та қосымша жұмыс істеуін тоқтатты. Енді әлеуметтік желі қолданушыларының соңғы үміті Дональд Трампта. Ол тыйымды 90 күнге шегеру туралы заңға қол қоймақ. Осы аралықта TikTok-ты АҚШ аумағында сатып алатын компания табылуға тиіс.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk